Петропавлда өмірін көшедегі мысықтарды құтқаруға арнаған зейнеткер тұрады. Ол бүкіл зейнетақысын мысықтарға жұмсайды, тіпті үйін «босатып берген». Бүгінде мұндағы мысықтардың саны жүзге жуықтап қалған. Толығырақ Massaget.kz тілшісі материалында.
Мысықтар мен марғаулар барлық жерде жүре береді: орындықтарда, үстелдерде, терезе жақтауында, тоңазытқыш, кір жуғыш машина үстінде, диванда, шкафта, оның астында…

Аулаға кірсең, «үй иелері» бірден күтіп алады.

Мұндағы қожайын мысықтар екені де бірден аңғарылады. Себебі бәрі тек солар үшін жасалған.



Аулада дивандар бар, оған қоса мысықтар демалуы немесе күн шуағында жатуы үшін жұмсақ төсектер қойылған.

Белгілі бір орындарға тамақ пен су құйылған ыдыстар қойылған. Бір сөбен нағыз мысықтардың жұмағы дерсіз…

Үйдің ішінде де мысықтар кіреберістен бастап барлық жерге жайғасып алған.

Орындықтарда, үстелдерде, терезе жақтауларында, тоңазытқыш, кір жуғыш машина үстінде, диванда және шкафта.

Ал бұл – Татьяна Анохина. Ол 62 жаста. Зейнеткер бала кезінен жануарларды жақсы көретінін жасырмады.

«Мысығым көп болмады, ең көп дегенде үш мысық болды. Кейін зейнетке шыққанға дейін ветеринария клиникасында көмекші болып жұмыс істедім. Бәрі сол жерден басталды… Жануарларды аядым, ветеринарлар біреуін құтқара алмаған кезде жылайтынмын», – дейді Татьяна Николаевна.
Алиса – Татьяна Анохина көшеден әкелген алғашқы мысық. Зейнеткер мысықтардың саны көбейген сайын оларға үйден орын босата беріп, кейін үйді толық соларға бергенін айтты.

Ол тоңазытқышты ашып көрсетті: мұнда да бәрі мысықтарға арналған. Олар мұны біліп, бірден үйдің түкпір-түкпірінен тоңазытқышқа қарай жүгіреді.

Татьяна Николаевна әрбір мысықтың атын, мінезін, ерекшелігін біледі. Бір қызығы мысықтар да аттарын біледі және бірден жауап береді.
Мұндағы мысықтар жақсы күтім көрген, таза әрі әдемі.

Суреттердің авторы: Елена Бережная/Tengrinews.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!