Ақмола облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жол бойындағы көліктердің жүрісін бақылап жүр.

22 қазанда кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. Алайда, ескертулерге қарамастан транзитпен келе жатқан көлік иелері жолда тұрып қалды.

Ақмола полицейлері облыс орталығынан түрлі бағыттардағы автокөліктердің бағандарын сүйемелдеп, көлік құралдарының жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 250-ден астам көліктен тұратын баған құрған патрульдік полицияның 3 экипажы автокөліктерді елорда бағытына жетуге жәрдемдесіп жатыр.

«23 қазан, қатты көктайғақ. Щучинск қаласы бағытында баған қалыптастырудамыз. 200 көліктің 150-ге жуығы жазғы шиналармен жүр. Көбінесе транзитшілер», – деп атап өтті Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.

Сол сияқты, Павлодар облысында да ауа райының нашарлауына байланысты құзырлы ведомство жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық пен қашықтықты бұзбауға, тек техникалық жарамды көлікпен жүруге шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!