Соңғы уақытта қала тұрғындарының үй және ұялы телефондарына белгісіз тұлғалар хабарласып, өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, жалған ақпаратпен Сіздің балаңыз немесе жақыныңыздың атын атап және оның «есірткімен ұсталғаны жөнінде хабарлап қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында қомақты қаржы талап етуі мүмкін.
Алуан түрлі айласы бар алаяқтардың басым көпшілігі қарт адамдарды таңдайды және босату келісімен келіскен жағдайда, ешкімге айтпауды бұйырып, келісілген қаражатты «KIWI кошелёк» арқылы аударуды тапсырады. Осы тектес оқиғалардың құрбаны болмас үшін, бірінші кезекте аты-жөні аталған жақындарыңызбен балаларыңызға хабарласқаныңыз және олардың нақты аман екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Егер сол сәтте ұялы телефоны сөндірулі немесе байланысу мүмкіндігі болмаған жағдайда «112 арнасына» хабарласып, қажетті ақпараттар алуға болады. Полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен ұсталған тұлғалардан ақша талап етпейді. Тек алаяқтар пайда табу үшін азаматтардан ақша алудың осындай «әдісін» қолданады.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!