Қызылорда облыстық Полиция департаментінде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті.

Қазақстан Республикасы Президентімен жарияланған «Балалар жылы» және «Ашық есік күн» атты акциясы аясында бүгін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттың оқушылары мен тәрбиешілері департаменттің мұражайы мен жедел басқару орталығына экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарын насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету болып табылады.

Мұражай қызметкері балаларды жылы шыраймен қарсы алып, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аяңбай қызмет жасаған ардагерлер туралы сақталған мәліметтерімен таныстырып, мол мағлұмат берді.

Бүгінгі іс-шараға қатысқан оқушылар арасында «Полиция – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгіме өрбіп, олар өз сауалдарын қойып, арнайы мамандардан толыққанды жауаптарын алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!