Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов дрондарды жол апаты кезінде қолдану тәжірибесі жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жақында ғана Семей қаласында болған жол апаты кезінде дронды пайдаланып көрген.

«Тергеушілер жол апаты болған жерге жақындай алмады. Себебі көлік қозғалысы тығыз болды. Сол кезде дрон үстінен ұшып барып, соқтығысқан екі көлікті және жол апаты болған жерді бүге-шүгесіне дейін түсіріп алды. Фото мен видеотүсірілімді толығымен жасады. Осыдан кейін екі көлікке де жүре беруге рұқсат берілді. Міне, осындай жағдайда дрондарды пайдаланған тиімді», – деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.

Ал Ақмола облысындағы Аршалы елді мекенінде ұшқышсыз аппараттарды шығару зауыты ашылған.

Ол жерде 100 келіге дейін жүк көтеретін дрондар жасалады. Онымен жарақат алған адамды эвакуациялауға немесе жетуге қиын жерлерге жүктерді жеткізуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!