Цифрлық даму министрі 2025 жылғы 28 мамырдағы бұйрықпен почта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемінің белгілерін пайдалану ережесін және оған қойылатын талаптарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат мемлекеттік почта төлем белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемінің белгілерін пайдалану тәртібін және қойылатын талаптарды айқындайды.

пошта төлемінің белгілері – пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, пошта операторы жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне жапсыратын белгілер, оның ішінде пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгілер;

пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, Ұлттық пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгiлер.

Пошта операторы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.

Пошта төлемі белгілерінің эскиздерін әзірлеуді пошта операторы жүзеге асырады.

Пошта төлем белгілерінде мынадай қызметтік жазбалар орналасады:

  • мемлекеттік тілде («Қазақстан») және латын транслитерациясында («Kazakhstan») мемлекеттің атауы;
  • электрондық пошта төлемінің белгілерін қоспағанда, жазбаша хат-хабар жіберу бойынша пошта операторының қызметтеріне төлем сомасын білдіретін латын әріптерімен немесе араб цифрларымен көрсетілген номинал.

Пошта төлемі белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер пайдаланылады:

  • «А» – заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 (жиырма) грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «В» – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерүсті көлігімен 50 (елу) грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «С» – Қазақстан Республикасының шегінде 50 (елу) грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «D» – Қазақстан Республикасының шегінде тіркелетін бандерольді жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «E» – Қазақстан Республикасының шегінде тіркелмейтін бандерольді жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «N» – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерүсті көлігімен 10 (он) грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «М» – Қазақстан Республикасы шегінде жерүсті көлігімен салмағы 10 (он) грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;
  • «P» – Қазақстан Республикасының ұсақ пакетті жіберу тарифіне сәйкес келеді.

Пошта төлемі белгілерінің пошта операторларына тиістілігін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа беттік жағында пошта операторының атауы болады.

Пошта төлем белгілері пішіні тік немесе көлбеу өлшемі 15 (он бес) миллиметрден кем болмайтындай кез келген пішінде болуы мүмкін.

Кез келген компостермен жасалынған айырым тесіктері немесе өрнектелген бердерлі ізтаңбалар пошта төлем белгілерінің айқындылығын сақтай отырып енгізіледі.

Пошта төлем белгілеріндегі қызметтік жазбалар оңай оқылуды және пошта төлемінің белгісін рәсімдеудің композициялық шешіміне сәйкестікті қамтамасыз етіп орналастырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!