Мемлекеттік органдардың бизнесті реттейтін актілері қайта қаралады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады және іске асыруда. Осы жылы «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан тыс әкімшілік жүктемені жою көзделіп отыр. Мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады», -деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ ол ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шараларға тоқталды. «Биыл «Ауыл – ел бесігі» өңірлерді дамытудың кешенді жоспарлары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді», -деді Әлихан Смайылов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!