Sputnik. Қазақстанда қарулы күштерге қызметке көктемгі шақыру басталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.
Айта кетері, әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар жоғарғы оқу орнында тегін оқи алады. Былтыр оларға 1 500 грант бөлінді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!