Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», – делінген Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Осы Шарттың ережелеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер көмекке жүгінген кезде жазасы Сұрау салушы мемлекеттің юрисдикциясына кіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істер бойынша бір-біріне барынша кең құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді», – деп көрсетілген келісім жобасында.
Сонымен қатар уағдаласушы мемлекеттердің орталық органдарға қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабар беретіні айтылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!