Фото: Ақорда

KAZINFORM – Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады. 

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, 23 маусым – Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!