Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың жұмысын сынға алып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін оған сөгіс жариялады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жаздыдеп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы осы аймақтағы жылыту жүйесін қамтамасыз етудегі кідірістер мен олқылықтарға наразы болды.

Бұған дейін Сарань қаласының әкімі Еркін Баулықов пен облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тлектес Досаев қатаң сөгіс алған болатын. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Азамат Тайжановқа да тәртіптік жазаға тартылды.

Артынша Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!