Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Талғат Алдыбергенов биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.
Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Талғат Алдыбергенов:
Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткенін айтты.
Сонымен қатар трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:
биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы аяқталады;
Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;
Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.
Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.
Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:
Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;
Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!