Коллаж: smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды. Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында жазып, алғыс хаттың фотосын жариялаған.

«Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қостыңыз», – делінген алғыс хатта.

Президент продюсерге зор денсаулық, отбасына амандық және жұмысына табыс тілеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!