Фото: Ақорда

2024 жылы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 17:05

Фото: Ақорда

«Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді. Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды», делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 17:05
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 17:05
Фото: Ақорда

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!