Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шабуыл жасамақ болған киллердің кім екені анықталды. Оның есімі – Аян Атығаев.
Телеграмдағы Козачков арнасының хабарлауынша, ол осы жылдың қаңтар айынан елордада заңгер болып жұмыс істеген. Нақтырақ айтсақ, заңгерлік лицензиясын алған. Алайда ол жайында заңгерлердің бірде-бірі естімеген. Ал Yedilov каналының мәліметінше, Аян Атығаев Қарағанды облысының тумасы. Негізінен «Известия Казахстан» газетінде журналист болып та жұмыс істеген.
Оның снайперлік қаруы болғаны расталды. Қаруды ол Шығыс Еуропа елдерінің бірінен бөлшектеп әкелген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!