Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Президент отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Оны АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!