Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады. Аталған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңі бастау алады.


Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Ай – Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «Парасат Жолы» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып Президенттік жастар кадрлық резерві іріктеуіне қатысу үшін дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы жастар қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесу өтті.


Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Ж. Мендалиев Президенттік жастар кадр резерві жобасының негізгі мақсаты мен міндеттері, жобаның өңірдегі жүзеге асырылуы және мемлекеттік қызметке жастарды көптеп тару бағытында атқарылған іс – шараларға кеңірек тоқталып өтті.


Сонымен бірге жоба шеңберіндегі лауазымдық топтар, қабілеттерді тестілеу, тестілеуді верификациялау, әлеуетті бағалау, сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу және үміткерлерді Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі баяндап берді.


Бұл бағыттағы жұмыстарымен ойын бөліскен Мемлекеттік қызметте мол тәжірбиелі ардагеріміз М.Ы. Нәлібаев қазіргі таңдағы жастарға туып тұрған оң мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.
Сондай-ақ, жоба бойынша пікірлерімен бөлісіп, қызығушылық танытып, сұрақтарын қойған белсенді жастар да аз болмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!