Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты бас прокуратура растады.

«Бұл рас, өлімнің алдын ала себебі – инфаркт», – делінген ақпаратта. Бейсенбі күні әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растаған ҚазТАГ сайтының дереккөзі Әлихановтың жақсы адам екенін атап өткен.

Әлиханов Түркістан облысының прокуратурасын 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарған.

Қаңтар айында ол 58 жасқа толған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!