Футболдан ел біріншілігінің 23 турында «Қайсар» «Байқоңырды» қабылдап, 4-0 есебімен айқын жеңді.

Ойынның алғашқы жартысында Артём Дылевский бұрыштамадан есеп ашса, Елисей Горшунов айып добын сәтті орындап есепті еселеді.

Кездесудің екінші бөлігінде Әділбек Жұмаханов пен Жоау Педро де Оливейра көзге түсіп, таблодағы есепті 4-0 ге жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!