Фото: mg.youm7.com

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электронды аукционға бастапқы жиынтық құны 14,9 млн теңге болатын әшекей бұйымдарын шығарды, дейді КAZINFORM.

Аукцион 15 тамыз күні сағат 10.00-де басталады.

Саудаға қойылған лоттар:

• Әшекей бұйымдар (бижутерия) — 15 дана, бастапқы бағасы — 139 100 теңге;

• Сувенирлік монеталар мен қаламдар — 32 дана, бастапқы бағасы — 8 640 728 теңге;

• Былғары белдік пен қару түрлері — 26 дана, бастапқы бағасы — 6 118 847 теңге.

— Активтердің жалпы бастапқы құны — 14 898 675 теңге. Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет, — делінген хабарландыруда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!