Фото: Видеодан алынған скрин

KAZINFORM – Жаңа медициналық нысандар 50 келушіні қабылдауға арналған. Бұл ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарымен заңсыз иемделінген активтерді қайтару есебінен елімізде көптеген әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға беріліп жатыр.

Осының шеңберінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарысай және Шоқысу ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялардың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шалқар ауданының әкімі, аудан прокурорының орынбасары, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа медициналық нысандар 50 келушіні қабылдауға арналған. Бұл ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаторияларда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер, диагностикалық құрал-жабдықтар, білікті мамандардың жұмысы — барлығы да тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Бұл жобаны іске асыру ауыл халқының әл-ауқаты мен денсаулығына деген мемлекет қамқорлығының айғағы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!