1 шілде күні қала әкімі Асылбек Шаменов қалалық мәслихат депутаттары Раушан Ысқақова, Бейбіткүл Кәрімова, Мақсат Жүсіпті қабылдады. Кездесу барысында депутаттар тарапынан өздерінің аумақ бөліністеріне сәйкес бірқатар қордаланған мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, депутат Раушан Жәдігерқызы «Сырдария» мөлтек ауданындағы балалардың футбол алаңының газонын жөндеуден өткізгенде, құм төсегеніне байланысты балалар ойнай алмай отырғаны, «Арай-Шұғыла» ауданының көшелеріне атау (номерлеу) берілсе, осы уақытқа дейін атау берілмегендіктен тұрғындарға қолайсыздық тудырып келетіндігі, «Арай-Шұғыла», «Нұрсұлтан» сауда үйі мен «Арай-Шұғылаға» өтетін жердегі өткелі тар болуына байланысты, тұрғындардың, балалардың өтуіне қиындық туғызып тұрғанына орай, тротуар салу, «Арай-Шұғыла» мекенінде былтыр тас төселген, оларға биыл асфальт салу, «Арай мөлтек ауданындағы қоғамдық көліктерді реттеу мәселелерін көтерді.

Депутат Бейбіткүл Сәрсемханқызы «Абай даңғылы, №50, №47үйде, Ғ.Мұратбаев атындағы №36 үйлерде жүргізілген модернизациялау жұмыстары толық аяқталмаған, әрі сапасыз жүргізілгеніне қарамастан, жоғары тарифпен төлем шоттары келіп жатқандығына байланысты тұрғындардың шағымын жеткізді.
Депутат Мақсат Өмірбекұлы Ақжарма ауылдық округіне газ жүргізу, амбулатория, спорт-ойын алаңын салу, жаңадан түскен аудандарға жол, жарықтандыру жүргізу мәселелерін көтерді.
Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы айтылған мәселелерді бірге талқылап, берілген ұсыныстар назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Алдағы уақытта қала әкімінің депутаттық сағаты басқа да депутаттардың қатысуымен жалғасын табатын болады.

Депутаттық сағатқа қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев, қала әкімі аппаратының басшысы Б.Ахмет қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!