Бүгін қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов Титов шағын мөлтек ауданының жастарымен кездесті.
Кездесуде жастарға жұмыспен қамту, кәсіп бастауға қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, ер азаматтардың әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеу міндеті туралы айтылды.Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары мен сала басшылары жастармен еркін форматта пікір алмасып, ұсыныстарын назарға алды.
Айта кету керек, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!