© Photo

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

«Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын», – деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов.

Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.

Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!