Қызылорда қаласының Сол жағалауынан заманауи үлгіде салынған “Syr-Darya” коммуналдық базары бүгін техникалық түрде ашылады.
Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрді құрайтын бұл сауда алаңы қала тұрғындарына азық-түлік, сүт, ет, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін қолжетімді бағада ұсынып, тамақтану орындары қызмет көрсетуді бастайды.
Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарын “Syr-Darya” коммуналдық базарының техникалық ашылуына және жергілікті тауар өндірушілердің өнімін алуға шақырамыз.
“Syr-Darya” коммуналдық базарына келушілер үшін қоғамдық көліктердің қызметі тегін ұйымдастырылғанын хабарлаймыз.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, Абылайхан даңғылы, н/з (автовокзал маңы)

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!