Қала әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы өкімімен қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы лауазымына Қуантаев Нұрғиса Әбдірәсілұлы тағайындалды. Нұрғиса Әбдірәсілұлы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді.2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика», 2020 жылы «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің есепшісі ретінде бастаған.2011-2015 ж.ж Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ішкі істер департаментінде жауапты қызметтерді атқарған.2016-2018 ж.ж Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы;2018-2022 ж.ж Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бас маман, бөлім басшысы;2022 жылдың ақпан айынан осы кезге дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында бас маман қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!