«Сыр бойы» газетінің 95 жылдығы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Оразбек Мақсұтұлын еске алуға арналған бильрдтан турнир өтті. Жиынға «Сыр медиа» ЖШС директорының міндентін атқарушы Марат Аралбаев, облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының басшысы Нұрбек Әмиша, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшының орынбасары Артур Қамбаров және журнилистер мен қаламгердің туыстары қатысты.  

Шара барысында Оразбек Мақсұтұлының қызметтес әрі замандас достары естелік айтып, оның кәсіби қыры мен адами болмысы туралы толымды пікір білдірді. 

– Оразбектің таным-түсінігі, тілішік қабілеті қарымды еді. Әрбір ізденісі жүйелі еңбекке құрылғанымен құнды болатын. Бүгінгі буын үлгі аларлық кәсіби дағды, шығармашылық әлеует ерек сезілетін. Сондықтан қаламгерді қатарластар ғана емес, жас өрен де ерекше қадірлеп, есімін ұлықтап келеді, – деді Қазақстанның құрметті журналисі Қайырбек Мырзахметұлы.

Журналистер арасында ұйымдасытырған додада түрлі БАҚ өкілі бой көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Тастаяқ тартысында үміткерлер жеребе арқылы жұпталып, басым түскені жеңіске жақындады. 

Сайыс қорытындысы бойынша III орынды «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы, II орынды баспа маманы Шыңғыс Бекішов иеленсе, I орын «QYZYLORDA» телеарнасының тілшісі Қозы Көрпеш Жасаралұлына бұйырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды.

Жиын соңында Оразбек Мақсұтұлының отбасы мүшелері сөз сөйлеп, баласы Берік Оразбекұлы мен бауыры Орынбасар Мұхитұлы турнирге қатысушыларға алғыс білдірді.
Турнирге «Альбион» демалыс кешені, энергетика саласының ардагері Мұхит Кәрімбаев, баспахана саласының ардагері Бақыт Қаюмов демеушілік жасады.

Айта кетейік, белгілі журналист Оразбек Мақсұтұлы еңбек жолын 1978 жылы Сырдария аудандық «Сырдария» газетінен бастады. 1984-1987 жылдары облыстық телерадиокомитетінің тілшісі, редакторы, 1987-1991 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап өмірінің соңына дейін бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бүгінде талантты журналисті ұрпақ жадында жаңғыртуды мақсат еткен бильярдтан БАҚ өкілдері арасындағы турнир бесінші мәрте өткізіліп отыр.

824A3388.jpg
824A3200.jpg
824A3346.jpg
824A3354.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!