ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Қарақат Әбден «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы – Қызылорда 2025» халықаралық форумының ашылу рәсіміне қатысты.
Форум аясында құрылыс, инфрақұрылым, тұрғын үймен қамту, экология және жасыл экономика бағыттарындағы өзекті мәселелер ортаға салынды. Бұл жиын – тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, нақты жобалар мен ұсыныстардың талқылануына жол ашқан маңызды халықаралық диалог алаңы болды.
Іс-шарада БҰҰ, халықаралық ұйымдар, орталық мемлекеттік органдар мен сарапшылар қатысып, қалалардың орнықты дамуына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!