Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен бірқатар қызмет түрлерін қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин Мәжілісте өтіп жатқан Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауарды, кітап басып шығару мен археология саласындағы қызметтерді салықтан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл – үш бағыт бойынша ҚҚС-тан толық босату шарасы, – деді Амрин.

Оның айтуынша, бұл бастама салықтық жеңілдіктерді кеңейту аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қосымша жеңілдіктер қарастырылып жатқан жаңа пакет те әзірленіп жатыр.

Қазір біз қосымша ұсыныстар топтамасын әзірлеп жатырмыз. Ол бойынша да талқылаулар болады, – деді бірінші вице-министр жиында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі:

Бірінші сортты бидай ұны;
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
Макарондар (өлшеніп салынатын);
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
Картоп;
Асханалық сәбіз;
Басты пияз;
Ақ қауданды қырыққабат;
Ақ қант – құмшекер;
Күнбағыс майы;
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
Тауық жұмыртқасы (I санатты);
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа);
Сүзбе: майлылығы 5-9%.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!