«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық көмек туралы есебін жариялады.
Қордан қайғылы қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Оның ішінде:
- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 133 млн теңге.
- ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн теңге
- қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн теңге.
- қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн теңге.
Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі де жалғасуда, азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!