Қаңтар оқиғасынан кейін 25 адам қызған үтікпен азаптауға ұшыраған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығы Cерік Шалабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рұқсат етілмеген тергеу әдістері фактілерімен тіркелген қылмыстық істерге ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оның 9-ы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленгені анықталды.

Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Серік Шалабаевтың айтуынша, жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің үтікпен азаптауға қатысы бар екендігі анықталған. Олардың үшеуі кінәсін мойындап отыр. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттерін аяқтадық. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, өлтірген деген күдікке ілінді», – деді қызмет бастығы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!