Қарағанды облысында Бахтин орман шаруашылығы аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарқаралы ауданына қарасты Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бахтин орман шаруашылығының ашық аумағында құрғақ шөп пен орман жиегінің жануы тіркелген.

Өртті сөндіруге 157 адам, 26 техника бірлігі, бір ұшқышсыз ұшу аппараты, ТЖМ «Қазавиақұтқару» мекемесінің су төгу құрылғылары бар үш әуе кемесі, «Қазавиалесоохрана» мекемесінің бір тікұшағы, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері, Бахтин орман шаруашылығы мен Кув орман шаруашылығының мамандары, «Қазавиалесоохрана» десантшылары және ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылған.

Министрліктің мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта ТЖМ әуе кемелері арқылы алты рет су төгу операциясы жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!