Коллаж: Canva\Kazinform
11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1396-шақырымында, Осакаров ауданына қарасты Батпақты ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.
Апат салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алған.
-Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру қажеттігі ескертіледі, – делінген ҚазАвтоЖол компаниясының дерегінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!