Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте жылқы болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзініңкі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!