Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ
Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды. Үйінді астынан ер адам шығарылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған.
Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты.
«ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді», – делінген ресми хабарламада.
Өртті жоюға ТЖД, апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 техника жұмылдырылды.
«Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды. Себептері анықталуда», – делінген ресми хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!