Фото: Pantone
Pantone халықаралық зерттеу институты 2025 жылдың басты түсін жариялады. Биыл қарапайым әрі қымбат көрінетін реңкті қоңыр түс басты болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жылдың түсі қоңыр реңк 17-1230 Mocha Mousse («мокко мусс») болды. Бұл түс өмірдегі жайлылық пен қарапайым сәттерден ләззат алуға ұмтылысты білдіреді.
«Талғампаз және қымбат көрінетін, сонымен бірге қарапайым және классикалық, Pantone 17-1230 Mocha Mousse қоңыр реңктер туралы түсінігімізді кеңейтеді. Қарапайым әрі сәнді», — деді Pantone түстер институтының директоры Леатрис Эйсман.
Бұрын 2024 жылдың негізгі түсі деп шабдалы реңкті 13-1023 Peach Fuzz танылған болатын.
2000 жылдан бастап Pantone жыл түсін таңдап келеді. Ал ХХ ғасырдың ортасында компания сандық индикацияға негізделген стандартталған түстерді таңдау жүйесін жасады. Түстердің үлгілері арнайы каталогтарда үнемі жарияланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!