Мемлекеттік мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетінен 3,7 есе аз.2022 жылы 21 зияткерлік мектепке 12,4 млрд теңге бөлінсе, 7 550 мемлекеттік мектепке 1,2 трлн теңге бөлінген.»Осылайша 2022 жылы бір мемлекеттік мектептің бюджеті 159 млн теңге болды. Бұл бір зияткерлік мектептің бюджетінен 3,7 есе аз (592,1 млн теңге)», – деп хабарлады ranking.kz.
Мемлекеттік мектептерге бөлінетін қаржы сапалы біліммен қамтуға, орта білім беруді жаңғыртуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Дей тұрғанмен ауылды жерлердің біразында оқушылар апаттық мектептерде білім алып жүр.
Сондай-ақ материалдық-техникалық база жағынан ауыл және қала мектептері арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қаржыландырудағы айырмашылық, әлеуметтік және көші-қон факторлары ауыл мектептері санының азаюына әкеп соғып жатыр: егер 2015 жылы ауылдағы мектеп саны 5 546 болса, 2021 жылдың соңына қарай 5 262-ге азайған.Сонымен қатар 2020/2021 оқу жылында 34 орта мектеп апатты жағдайда екені белгілі болды. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі білім ошақтары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!