Облыс әкімі Қазалыда Қарлан учаскесінде салынып жатқан көпірдің құрылыс жұмыстарын саралап көрді.
Көпірдің құрылысы 2021 жылы басталған. Келер жылы ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бас мердігер «СтандартОйлКЗО» ЖШС. Көпір дарияның арғы бетінде орналасқан Қазалының «Бірлік», «Өркендеу», «Тасарық», «Лақалы», «Қожабақы», «Бозкөл, «Кәукей» сияқты ауыл халқы үшін қарым-қатынас үшін қолайлы әрі қауіпсіз болмақ.
Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев Бірлік, Өркендеу, Аранды ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!