Қармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

-Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 3 газ реттегіш шкафты пункт орнатылады. Сонымен қатар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бүгінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газды тұтынып отыр. Жобалар толық іске асқанда бұл көрсеткіш еселене түспек, – деді Жандос Еркінбекұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!