Sputnik. Сенат жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отырыста қаралған заң жобасында азаматтық және қызметтік қару иелері үшін қосымша міндеттер бекітіледі.

Олар:

  • азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында оқ ату үшін беру;
  • қару мен оның патрондарын қару иесі – заңды тұлғаның қызметі тоқтатыла тұрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына сақтауға тапсыру.

Ал қаруды бақылау мақсатында оқ ату үшін уақтылы бермегені үшін рұқсат қағазын тоқтатуға шешім қабылдануы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!