Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау», – делінген хабарламада.
Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай бір мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды. Бұған дейін Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!