Бүгін, 5 тамызда Атырау облысындағы Қашаған мұнай кен орнында газдың шығуына байланысты өндірісті толығымен тоқтатуға тура келгендігі белгілі болды.
Компания мәліметіне сәйкес, сейсенбі, 2 тамыз күні датчиктер Қарабатан зауытындағы шлам ұстағышқа баратын 12 құбыр желісінде газдың ағып кеткенін көрсеткен.
Тексеру жүргізіліп, нәтижесінде құбырлардың бірінде жарықтар пайда болғаны анықталды. Болжам бойынша оған металл коррозиясы себеп болған.
Petrocouncil желідегі бұл зақымдануды жөндеуге 7-10 күн кетуі мүмкін деп бағалаған. Қазір комиссия басқа да желілерде жарықшақ бар-жоғын тексеріп, зерттеп жатқаны атап өтілді.
Осылайша, қазіргі болжам бойынша, Қашағанда мұнай өндірудің тоқтауы бір аптаға дейін созылуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!