Көлік министрлігінің дерегінше, Қатон-Қарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қоны орындары айқындалды. Туристік аймақтарла әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады.

— Қатон-Қарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оған Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR деген арнайы ұшақтар сатып алынбақ. Өйткені бізде оған ұшатын Bombardier деген 5 қана ұшақ бар, — деді министр Марат Қарабаев.

ҚР Көлік министрінің айтуынша, ұшып-қону алаңы мәселесіне көп ойланған. 

 — Біз тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды. 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің ұшақтары бар. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Қатон-Қарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Өнеркәсіпті қолдау қоры бар, сол арқылы тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз, — дейді ол. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!