Qazaq Air әуекомпаниясы қауіпсіздік үшін Астана – Екатеринбург бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның хабарламасында бұл уақытша шешім және 2024 жылдың 28 желтоқсанынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін болатыны айтылған.
“Бұл үнемі бағалау қорытындысы бойынша, Ресейге ұшу тәуекел тудыратынына байланысты жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалуда”, – делінген хабарламада.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын қайтаруға және авиакомпанияның балама рейстеріне тегін қайта брондауға уәде берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!