Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Кеңгір» су қоймасын республикалық меншікке қайтару жұмыстарын аяқтаған. Су қоймасы бұрын “Қазақмыстың” еншілес компаниясы «Kazakhmys Distribution» ЖШС меншігінде болатын.

СУ ҚОЙМАСЫ ЖАЙЛЫ

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 млн текше метр. Былтыр су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі саналатынын, жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлім еткен еді. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда тұр. “Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз”, деген министр өңір тұрғындарымен кездесу барысында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!