Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлерінің еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеді. Компания жұмысшыларды жұмысқа қайта кірісуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы жылдың 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысты тоқтатқан еді. Бастапқыда кеншілер жалақыны 30%-ға көтеруді талап етсе, кейін 100%-ға көтерсін деп талап қойды. Олар айлықтарын көтермесе, жұмыс істеуден бас тартты. 

Жұмысшылардың бұл әрекеті еңбек заңнамасында көзделген талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұзды.

“Жалақыға келер болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерудің екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі, 8,5%-ға индекстеу және өндірістік жоспарды орындағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде қосымша төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге) беріледі. Екіншісі, жалақыны 15,6%-ға индекстеу”, – деп мәлімдеді “Қазақмыс”.

Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп ойынша жұмысшылар өз талаптарын жұмыс берушіге ресми жолдап, оларды жұмыс берушімен қарайды. Ал шешілмеген жағдайда мәселе татуластыру комиссиясында қаралады.

Жұмысшылардың талаптарын қарау кезінде өндірістік процесті тоқтатамайды. Компания заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырды.

Министрлік жұмысшыларға жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!