Sputnik. 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарланып, отыр, деп мәлімдеді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Минитсрдің айтуынша, теміржол локомотивтері паркін жаңарту бойынша ауқымды жоспар қолға алынып отыр.Бүгінгі таңда локомотивтер паркі 1,9 мың бірлікті құрайды.

«Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы», — деді көлік министрі үкімет отырысында.

АҚШ-тың Wabtec компаниясының деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы жүрген локомотивтер заманауи және тиімді техникалар және олар болашақтың тасымал талаптарына толық сәйкес келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!