KAZINFORM — Соңғы 10 жылда елімізде алтын құрамды кен өндіру 2,2 есе артты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлім етті.

— Металдар — жай ғана тауар емес, олар экономикалық және саяси күштің құралы. Ғаламдық бәсекелестік күшейіп жатқан жағдайда Қазақстан тұрақтылықты, бейтараптықты және болжамдылықты сақтап келеді, — деді Иран Шархан елордада өтіп жатқан 15-і халықаралық тау-кен металлургия конгресінде.

Астанадағы металлургия конгресі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Вице-министр келтірген мәліметке сүйенсек, еліміз бірнеше металл түрі бойынша әлемдегі ірі өндірушілердің қатарында. 

— Бүгінде Қазақстан көптеген жыл бойы титан, мыс, алюминий, мырыш пен қорғасын, ферроқорытпалар, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий сияқты металдарды өндіру және жеткізу бойынша әлемдік нарықтағы негізгі ойыншылардың бірі. Соңғы 10 жылда алтын құрамды кен өндіру 2,2 есе артты, соған сәйкес аффинирленген алтын өндірісі 2 есе ұлғайды. Бұл Қазақстанның әлемдегі алтын қорына ие ТОП-20 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік берді, — дейді ол.

Астанадағы металлургия конгресі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!