Фото: olympic.kz

Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты.

Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілетін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды.

Конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!