Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізіледі.
Құжатта мемлекеттік тілге қойылатын талап төмендетілетіні айтылған.
Азаматтық алу үшін үміткерлер:
Қазақ тілі бойынша — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болған);
Конституция негіздері бойынша — 20 балл (бұрын 9 балл);
Қазақстан тарихы бойынша — 15 балл (бұл талап өзгеріссіз қалды) жинауы қажет.
«Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерді тестілеудің әрбір пәні бойынша сұрақтар санының максималды тең қатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті министрлік.
Бұйрық жобасы 25 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!